Қазақстанда COVID-19 экспресс-тест тексеруінен кімдер өту керек

4 Сәуір 2020, 11:08
1456
Бөлісу:
Қазақстанда COVID-19 экспресс-тест тексеруінен кімдер өту керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде экспресс-тестілер өткізу үшін пациенттерден сауалнама алу жүргізіледі. Тест өткізу рәсімін оңайлату үшін https://formcovid.eisz.kz/index.html сайтында пациент деректері енгізілетін сауалнама үлгісі жасалды, деп хабарлайды ҚР Денсаулық сақтау министрлігі.


Бiр тексеруінен өтетін азаматтар санаты:

- тыныс алу жүйесінің ауруларымен диспансерлік есепте тұрған тұлғалар;

- респираторлық белгілері бар ауруханаға жатқызылмаған науқастар.

- автомобиль өткізу пункттері мен темір жолдардағы мемлекеттік шекара өткізу пункттері арқылы Қазақстанға кіретін азаматтар;

- орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың қызметкерлері.

- карантиндік аймақтардың тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ететін кәсіпорындардың қызметкерлері.

Жалпы, Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында 220 000 адамға дейін экспресс-тест тексеруінен өте алады.

Экспресс-тест арқылы коронавирус инфекциясына диагноз қойылмайтынын атап өту маңызды, өйткені ол ағзадағы вирусты анықтамайды, тек қана вирусқа деген иммундық жүйенің реакциясын бағалайды.

Экспресс-тестілер сенімділігінің 90%-дан аспайтынын атап өтеміз, сондықтан жағдайлардың 10%-на дейін әрі жалған-оң, әрі жалған-теріс нәтиже беруі мүмкін.
Өзгелердің жаңалығы