Қазақстанда бюджет ашықтығы бойынша шектеулі ақпарат беріледі

29 Сәуір 2020, 13:07
1628
Бөлісу:
Қазақстанда бюджет ашықтығы бойынша шектеулі ақпарат беріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы "Қазақстанның бюджеті: оның айқындығы, ашықтығы мен теңгерімділігін қалай арттыруға болады" атты онлайн дөңгелек үстел барысында Сандж зерттеу орталығының директоры Жанар Жандосова айтты.

Жанар Жандосова орталық 2006 жылдан бері бюджеттің ашықтығының индексін санап келе жатқан ұйым екенін жеткізді.
Бірақ, пандемия жағдайы бюджеттеу саласындағы күрделі мәселелерді ашып берді. Дәл осы жағдайда жыл сайын айтып келе жатқан кейбір келеңсіздіктерді, мысалы бюджет пен нәтиженің арасында байланыс жоқ деген сияқты мәселелерді тікелей бақылауға мүмкіндік туды. Мысал ретінде, еліміздегі медперсонал мұндай төтенше жағдайға дайын ба, әлде жоқ па деген сауалды алсақ болады. Менің ойымша, бюджеттің ашықтығына деген қызығушылық енді арта бастаған сияқты. Қазір ұлттық қорда қанша қаражат барын білмейтін адам кем. Дәрігерлердің жалақысы көтеріле ме, шағын және орта бизнес қандай да бір кәсіпорын қалыптастыра ала ма деген сауалға барлығымыз қызығушылық танытып отырмыз, - дейді ол.

Орталық директорының келтірген мәліметі бойынша, 2019 жылғы Қазақстан бюджетінің ашықтығы 58 баллды құрайды. 
Біздің елде қазір бюджет ашықтығы бойынша шектеулі ақпарат (сары аймақ) беріледі. Егер 60-тан аса балл жинасақ, біз де ауқымды ақпарат беретін жасыл аумақ елдері қатарына қосыламыз. Біздің қатарымызда Моңғолия, Әзірбайжан және Шығыс Еуропа елдері тұр. Жиырма жылда Қазақстан өз позициясын 20 баллға көтерді. Дәл осы мерзім ішінде Қырғызстанның көрсеткіші - 55, Грузия - 47, Ресей 27 баллға артқан. Біз тұрақты түрде, бірақ өте баяу  көтеріліп келеміз. Менің ойымша, бізде жариялауға тұрарлық барлық ақпарат бар. Тек ол  қандай да бір құжаттарда, оқылуы қиын түрде жатыр және біз ақпаратты алдағы үш жылға береміз де, өткен үш жылдың нәтижесіне қатысты ақпаратты жасырып қаламыз, - деді ол.
Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің БАҚ саласындағы мемлекеттік саясат департаментінің директоры Бекзат Рақымов бюджеттік процестердің ашықтығы өте төмен деңдейде екенін мәлімдеді.
Біздің мемлекеттік органдардың ашықтығына қатысты бақылауымыз бойынша, жүргізген мониторинг нәтижесіне сәйкес, бюджеттік процестердің ашықтығы өте төмен деңдейде. Бұл - мәселені жүйелі шешу керектігін байқатып отыр, -деді ол.
Өзгелердің жаңалығы