Қазақстанда азық-түлік 9% қымбаттады

3 Қыркүйек 2019, 00:50
1323
Бөлісу:
Қазақстанда азық-түлік 9% қымбаттады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 2019 жылғы тамыз  айындағы азық-түлік тауарларының бағасы 2018 жылғы тамыз айымен салыстырғанда 9% өсті. 

Статистика комитетінен хабарлағандай, нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, көкөністер, қант, кондитерлік өнімдер, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал жаңа жиналған жемістер арзандады.

Жарма өнімдері тобында бағаның әр бағытта өзгеруі белгіленді. 2019 жылғы тамызда күрішке орташа баға 2018 жылғы тамыздағы килограмына 306 теңгеге қарсы 374 теңгені, ал қарақұмық жармасы тиісінше 255 теңгеге қарсы 241 теңгені құрады.

Құмшекердің орташа бағасы 2019 жылғы тамызда килограмына 233 теңгені, 2018 жылғы тамызда 223 теңгені құрады.

2019 жылғы тамызда ет және ет өнімдерінен сиыр етінің жауырын-төс бөлігіне орташа баға килограмына 1713 теңгені (2018 жылғы тамызда – 1506 теңге), сүйегі бар қой етіне – 1648 теңгені (1433 теңге), сүйегі бар жылқы етіне – 1933 теңгені (1695 теңге), шошқа етінің жауырын бөлігіне – 1416 теңгені (1281 теңге), шала ысталған шұжыққа – 2109 теңгені (1928 теңге), тауықтың сан етіне – 812 теңгені (663 теңге) құрады.



Өзгелердің жаңалығы