Қазақстанда алтын мен күмістен соғылған монеталар айналымға шықты

17 Тамыз 2020, 14:17
2862
Бөлісу:
Қазақстанда алтын мен күмістен соғылған монеталар айналымға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін 10, 20, 50, 100 және 200, 500 теңге номиналдарындағы алтыннан және 1, 2, 5 және 10 теңге номиналдарындағы күмістен соғылған "ALTYN BARYS" және "KÚMIS BARYS" инвестициялық монеталары айналымға шығарылды, деп хабарлады ҚР Ұлттық банкі.

Биыл "ALTYN BARYS" және "KÚMIS BARYS" инвестициялық монеталарының дизайнындағы жазулар мемлекеттік тілге өзгертіліп, мүсіндік бейнелер жақсартылды. 999,9 сынамалы алтын және күміс монеталар қаражатты инвестициялау және жинақтау мақсатында қолданылады.

Бүгінде инвестициялық монеталардың бірнеше ірі брендтері бар – "Крюгерранд" (Оңтүстік Африка), "Америкалық бүркіт" (АҚШ), "Вена филармониясы" (Австрия), "Панда" (Қытай), "Үйеңкі жапырағы" (Канада).
Қазақстанның алғашқы инвестициялық "ЖІБЕК ЖОЛЫ" монеталары 1996 жылы айналысқа шығарылды. 2009 жылдан бастап дизайнының өзгеруіне байланысты түрлі салмақ сипаттамалары бар "АЛТЫН БАРЫС" және "КҮМІС БАРЫС" инвестициялық монеталары шығарыла бастады, - делінген хабарламада.
"ALTYN BARYS" және "KÚMIS BARYS" инвестициялық монеталары Қазақстан теңге сарайында дайындалған. Оларды Қазақстан Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарынан, сондай-ақ, www.nationalbank.kz сайтындағы интернет-дүкен арқылы сатып алуға болады.



Өзгелердің жаңалығы