Қазақстанда 7372 инфекциялық төсек-орын бар

16 Маусым 2020, 19:16
1484
Бөлісу:
Қазақстанда 7372 инфекциялық төсек-орын бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі қызметін уақытша атқарушы Ләззат Ақтаева ҚР ДСМ-нің Facebook-тегі парақшасында өткен тікелей эфир барысында айтты.

Қазақстандағы стационарлардағы төсек-орын жағдайына тоқталған Ләззат Ақтаева бүгінде 7372 инфекциялық төсек-орын бар екенін жеткізді. Олардың республика бойынша 68%-ы қамтылған.


Төсек-орынмен қамтылу көрсеткіші жоғары өңірлер қатарында Павлодар, Шығыс Қазақстан, Алматы, Ақмола облысы мен Нұр-Сұлтан қаласы бар. Сонымен қатар, инфекциялық стационарларда реанимациялық төсек-орындар жасақталған. Бұл реанимациялық көмекке мұқтаж науқастарға арналған. Мұндай науқастар саны бүгінде 119-ды құрап отыр. Инфекциялық стационарлардағы реанимациялық төсек-орын ең көп қамтылған өңірлер қатарында Ақтөбе, Қызылорда, Атырау, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары тұр, - деді ол.
Ләззат Ақтаеваның айтуынша, еліміздегі денсаулық сақтау мекемелерінде 3294 өкпені жасанды желдету аппараты бар.
Қажет болған жағдайда олар тиісті реанимациялық бөлімдерге таратылатын болады. Коронавирусы бар болуы мүмкін деген, яғни, пневмония, ЖРВИ белгілері бар науқастар жатқызылатын провизорлық стационарларда 6194 төсек-орын жасақталған. Олардың қамтылу деңгейі 46%, яғни, әрбір екінші провизорлық төсек-орын бос деген сөз, - деді Ақтаева. 
Бұған дейін хабарлағанымыздай, ол еліміз бойынша реанимация бөлімінде 119 науқас жатқанын айтты.
Өзгелердің жаңалығы