Қазақстан – Венгрияның ТМД-дағы төртінші сауда серіктесі

29 Сәуір 2019, 12:29
2525
Бөлісу:
Қазақстан – Венгрияның ТМД-дағы төртінші сауда серіктесі
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгінде Қазақстанда 40-қа жуық кәсіпорын венгриялық капиталдың қатысуымен жұмыс істеп жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов айтты.

Бүгін Нұр-Сұлтанда Мажарстан премьер-министрінің орынбасары-қаржы минстрі Михай Варганың Қазақстан Республикасына сапары аясында Қазақстан-Мажарстан бизнес-форумы өтіп жатыр.

Қазақстан – Венгрияның ТМД-дағы төртінші сауда серіктесі

«Венгрия – Қазақстанның Еуропадағы аса маңызды сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі. Бүгін Қазақстанда 40-қа жуық кәсіпорын венгриялық капиталдық қатысуымен жұмыс істеп жатыр. Құрылыс, ауыл шаруашылығы, сауда және басқа өндірістік секторларда қарым-қатынас жасап жатыр. Қазақстан – ТМД елдерінің ішінде Венгрияның төртінші ірі сауда серіктесі. Екі ел арасында сауда-экономикалық қарым-қатынасты және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуда потенциал жоғары. Дегенмен әлі мұны әрі қарай дамыту керек», - деді Руслан Дәленов.

Оның айтуынша, екіжақты қарым-қатынастың одан әрі дамыту үшін барлық жағдай жасалған.

«2018 жылы екіжақты сауда айналымы 139  млн долларды құрады. Сонымен қатар, екі ел арасында ынтымақтастықты одан әрі дамыту үшін барлық жағдай жасалған. Қазақстан-Венгер  стратегиялық кеңесі, үкіметаралық комиссия, іскерлік кеңес және тікелей инвестиция тартуда бірлескен инвестициялық қор жұмыс істейді», - деді министр.

Форумға екі елдің 150-ден астам іскер тобының өкілдері, оның ішінде Мажарстаннан 100-ге жуық бизнес өкілі қатысуда.

ҚР СІМ таратқан хабарламаға сүйенсек, Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен экспорттық әлеуеті, бірлескен ынтымақтастықтарының артықшылықтары мен екі мемлекеттің сауда-экономикалық әріптестігін одан әрі ілгерілету перспективалары таныстырылды. Бизнес-форум аясында ынтымақтастық туралы 10 келісімге қол қойылды .

Қазақстан – Венгрияның ТМД-дағы төртінші сауда серіктесі

Сонымен қатар, қазақстандық және мажарстандық кәсіпкерлер арасында екіжақты кездесулер өткізілді, онда агроөнеркәсіптік кешен, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, құрылыс, химия саласы және машина жасау саласындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Қазақстанның экономикасына тәуелсіздік жылдарында Мажарстан  200 млн АҚШ долларын құрайтын инвестиция құйды. Қазақстан мен Мажарстан арасындағы тауар айналымы 2018 жыл мен 2019 жылдың І тоқсаны аралығында 155,4 млн долларды құрады.

2018-2019 жылдары Қазақстаннан Мажарстанға экспорт 28,2 млн АҚШ долларын құраса, Мажарстаннан импорт 127,2 млн АҚШ долларын құрады.
Өзгелердің жаңалығы