Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек жеткізді

14 Мамыр 2020, 10:40
1253
Бөлісу:
Қазақстан Тәжікстанға гуманитарлық көмек жеткізді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің гуманитарлық көмегін тәжік тарапына ресми түрде тапсыру рәсімі өтті. Бұл туралы Қазақстанның Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еліміздің ұны барлық санитарлық-эпидемиологиялық норманы сақтай отырып, теміржол арқылы жеткізілді.

Жүк куәлігін Қазақстанның Душанбедегі елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстан үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі агенттік директорының орынбасары Сохибджон Зиедуллоевқа тапсырды.

А.Тәжібаев өз сөзінде еліміздің жыл сайын бауырлас Тәжікстан халқына гуманитарлық көмек көрсетіп келе жатқанын және 2006 жылдан бері оның жалпы сомасы 38 млн доллардан асқанын атап өтті.

С.Зиедуллоев өз кезегінде алғысын білдіріп, тәжік тарапы Қазақстан үкіметінің көрсеткен көмегін жоғары бағалайтынын айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пандемия кезінде көрші елдерді қолдау мақсатында Қырғызстан мен Тәжікстанға жалпы сомасы 3 млн доллардан астам қаражатты құрайтын, әр елге 5 мың тонна ұн түрінде көмек беру туралы шешім қабылдаған еді.

Өзгелердің жаңалығы