Қазақстан әскерінің қауқары қандай?

7 Мамыр 2020, 15:39
6322
Бөлісу:
Қазақстан әскерінің қауқары қандай?
Фото: ашық дереккөз

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақ қарулы күштерінің қуаты "Әлемдік әскери қуаттылық рейтингі" бойынша 63-орынға тұрақтады.


"Егер сіз қарудан бас тартсаңыз, соғысуға дайын болыңыз". Бұл атақты Юрий Цезарьдің сөзі. Әлемді жаулаған әміршінің дегені дерегінен әлі де айырылмады десек, қателеспейміз деп ойлаймыз.

Осы тұста біздің елдің әскерінің мүмкіндігі қандай? АҚШ-тың Орталық барлау басқармасының сараптама орталығы (Global Firepower) жыл сайын әскери қуаттылық рейтингі бойынша рейтингті түзейді. 

Қазақстан армиясы ешқашан үздік 40 елдің қатарына да кірген емес. Мысалы, 2013 жылы 106 елдің ішінде 80-орынға тұрақтады. 2014 жылы 123 елдің ішінен 66-сатыдан көрінді. Ал 2015-2017 жылдар аралығында 123 елдің ішінде жыл сайын жаңартылатын рейтингінің 53-орынды иеленді. Қазақстан Республикасының Қарулы күштері 2018 жылы 136 елдің арасында алғаш рет 50-орынға көтерілді. Былтыр 138 елдің арасында 54-орыннан көрінгенбіз. Биыл 138 елдің ішінде 63-сатыға жайғастық.

Рейтингтегі елдердің қорғаныс күшін анықтау үшін PowerIndex бағамы бойынша қаржыландырудан бастап, жер көлемі, жан саны, бюджеті, туу көрсеткіші, реактивті оқтар мен зымырандарының қуаты мен саны, әуе, теңіз күштері, запастағы әскер саны материалдық-техникалық әлеуеті және географиялық өзгермелі жағдайларын ескере отырып, 50-ден астам жеке факторлар пайдаланылған. 

Көшбасында алпауыт АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан тұр. Орталық Азияда Өзбекстан жыл сайын алдымызды орап жүр. Олар биыл рейтингте 52-орында. Бұрынғы Кеңес одағы елдері арасында Ресей (2-орын), Украина (27-орын), Өзбекстан (52-орын), Беларусь (53-орын) біздің алдымызда.

Өзбекстан қарулы күштерінің Қазақстаннан қандай артықшылығы бар? ТМД елдері институтының Орталық Азия және Қазақстан бойынша бөлімінің бастығы (Мәскеу)Андрей Грозиннің айтуынша, қорғаныс саласындағы ең көп бюджет Орталық Азияда Қазақстанда деп отыр. Екінші орын Өзбекстан әріқарай Түркіменстан,Тәжікстан, Қырғызстан.
Қазақстан, әрине, заманауи әскери техникалармен және қару-жарақпен жарақтану жағынан Орталық Азияда көшбасшы. Алдағы уақытта да солай болып қала бермек.Бірақ Қазақстанда барлығы бірдей заманауи қару деуге келмейді.Ресейден сатып алған қаруларының бәрі бірдей соңғы үлгідегі емес. Алайда Орталық Азияның өзге елдерде мұндай да мүмкіндік жоқ. Өзбектер қазақтардан сапа жөнінен емес, саны жағынан басым түсуі мүмкін. Ал Қазақстанның әуе күштері мен әуе қорғанысының деңгейі осы аймақтағы елдерге қарағанда бірнеше есе жоғары. Айтпақшы, бұл толықтай өзін-өзі ақтаған.Өйткені әуе күштері кешені (электронды, жердегі, ғарыштық және басқа да барлау күштерін айтамын) басқаларына қарағанда қазіргі заманға сай соғыс факторы болып табылады. Мұны бәрі жақсы түсінеді. Яғни Қазақстан өзінің аумақтық территориясының кең аумағын ескеріп жасап отыр, - дейді Андрей Грозин. 

Оның айтуынша, Қазақстан өзінің құрлықтағы күштерінің сапасы бойынша көршілерінен озық.  
Рас, сарапшылардың бағасы да әртүрлі: біреу Өзбекстанның сандық көрсеткіштерін айтады. Бірақ біз бөшкелер мен зымыран артиллериясынан танктерге дейін модернизацияланған жабдықтармен қамтамасыз ететін Ресей Федерациясымен ұзақ мерзімді серіктестік түрінде өте маңызды бонус бар екенін ұмытпауымыз керек.  Сондай-ақ бұл Ресейдегідей емес, мұнда тиісті процесс әлдеқайда жылдам және үлкен болатынын түсіну керек, - дейді сарапшы.
Ширек ғасыр бұрын өзбек әскерінің кадрлық жағдай қиын болды. Кеңес Одағының бөлінуі офицерлердің едәуір бөлігінің жаппай кетуіне әкелді (90-жылдардың басында жергілікті әскери қызметкерлер республикадағы жалпы санның 0,6% құрады) және Бас штаб офицерлерді даярлау жүйесін қайта құруға мәжбүр болды (алайда, кеңестік әскер жүйесінің тәжірибесіне сүйене отырып). Осыдан кейін Өзбекстанда үш жоғары әскери оқу орны құрылды - Ташкент жоғары құрама командалық училищесі, Шыршық жоғары танк командалық-инженерлік училищесі және Самарқан жоғары әскери автомобиль командалық-инженерлік училищесі. Кейіннен жаңа әскери университеттер пайда болды. Аға офицерлерді даярлауға жауапты Өзбекстан қарулы күштерінің академиясы әскери стратегия мен доктриналардың дамуын үйлестіреді.

АҚШ Орталық барлау басқармасының Global Firepower халықаралық зерттеу орталығына сарапшыларының мәліметі бойынша Қазақстан әскерінде 132 мың адам әскери борышын өтеп жүр.

Қазақстанда қорғаныс саласы мемлекет бюджетінен тұрақты қаржыландырылады. Қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша қорғаныс саласының үш жылдық бюджеті (2020–2022) 961 млрд теңгені(2,55 миллиард доллар) құрайды. 

Жалпы қорғаныс министрлігінің бюджеті 2006 жылы 80.5 миллиардтан 2016 жылы 434.1 миллиард теңгеге өскен. Ал 2017 жылы 382,4 миллиард теңгеге дейін қысқарды. Оған соңғы жылдардағы дағдарыс та әсер етсе керек. 2020 жылға 331,9 миллиард теңге қарастырылған. Оның ішінде 313,6 млрд теңге қарулы күштерді ұстап тұруға және 18,3 млрд теңге адами ресурстар мен медициналық қолдауды дамытуға жұмсалады.

Елімізде төрт өңірлік әскери қолбасшылық штабы бар. Олар: "Астана", "Батыс", "Шығыс" және "Оңтүстік". Осы өңірлік қолбасшылықтар арқылы еліміздің шекарасы және қауіпсіздігі қорғалады. Бұл әскери дайындықты тиімді ұйымдастыруға және әскер миссиясына қатысты міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

Қазақстанда құрлық әскері қауқары жоғары. Global Firepower мәліметі бойынша, ҚР армиясында 650 танкі, 800 БТР және БМП, 300 сүйрелмелі артиллерия, 100 бірлік дүркіндетіп ататын реактивтік жүйе бар.

Әуе әскери күштері мен әуе теңіз күштері, әскери теңіз күштерінде ұшу аппараттарының жалпы саны – 222. Оның ішінде 76 жоятын, 39 штурмдық, 18 әскери-көлік, 18 оқу-жаттығу ұшақтары мен 71 әскери, 18 соққы беретін тікұшақтар бар. Қазақстанның Әскери әуе күштері мен басқа құрылымдарда қазіргі кезде 15 әскери патрульді кемелері қолданыста.

Жалпы құрлық шекарасының ұзындығы – 13392,6 шақырым. Батыста Каспий теңізімен, оңтүстік батыста Арал теңізімен жалғасасады.

P.S. Тәуелсіз ел болудың басты шарты - сол мемлекетті қорғайтын айбынды әскерінің болуымен тікелей байланысты. Кез келген мемлекет өзінің қалыптасуын да ұлттық әскерсіз, қауқарлы армиясыз құра алмайтыны, тіпті елестете де алмайтыны айқын.




Өзгелердің жаңалығы