Қазақстан президенті ЕЭК басшыларымен кездесті

1 Қазан 2019, 15:13
2224
Бөлісу:
Қазақстан президенті ЕЭК басшыларымен кездесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізуде.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сингапур премьер-министрі Ли Сянь Лунмен кездесті.

«Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Сингапур премьер-министрі Ли Сянь Лунмен кездестім. Елбасы мен оның әкесі, марқұм Ли Куан Ю жақсы достар болған еді. Сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастығымызды нығайтуға уағдаластық», - деп жазды мемлекет басшысы. 

EFx6aBjX0AAHvdn.jpg

Сонымен Иран президентімен ынтымақтастығымыздың өзекті мәселелерін талқылады.

«Иран президенті Хасан Руханимен кездесуде ынтымақтастығымыздың өзекті мәселелерін талқыладық. Сауда-экономикалық саладағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса мән бердік», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

EFyA2dsWsAAan2X.jpg

Сонымен қатар, президент Арменияның премьер-министрімен кездесу барысында сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуге уағдаласты.

«Арменияның премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесуде сауда-экономикалық ынтымақтастығымызды кеңейтуге уағдаластық. Елдеріміздің арасында барлық бағыттар бойынша сенімді әрі ашық диалог орнаған. Мәдени-гуманитарлық байланыстарымыз дамып келеді», - деді президент.


Өзгелердің жаңалығы