Қазақстан Қосылмау қозғалысының министрлік конференциясына қатысты

24 Қазан 2019, 23:49
1801
Бөлісу:
Қазақстан Қосылмау қозғалысының министрлік конференциясына қатысты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев бастаған Қазақстан делегациясы Баку қаласында өткен Қосылмау Қозғалысына мүше мемлекеттердің сыртқы істер министрліктері басшыларының кездесуіне қатысты, деп хабарлады СІМ ресми сайты.

Е.Ашықбаев іс-шарада сөйлеген сөзінде Қазақстан Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан Семей ядролық полигонын жапқанын және әлемдегі төртінші ядролық арсеналдан өз еркімен бас тартқанын атап өтті. Ол ядролық қарудан азат әлемге қол жеткізу Қазақстанның басты басымдығы болып қала беретініне назар аударып, қозғалысқа мүше мемлекеттерді қауіпсіз болашақты қамтамасыз ету үшін осы бағытта күш біріктіруге шақырды.

Сондай-ақ, қазақстандық делегацияның басшысы Қазақстан Орталық Азияның төрт елімен бірге бірегей ядролық қарудан азат аймақты құрып, МАГАТЭ-нің төмен байытылған уран банкін орналастыра отырып, халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне арналған БҰҰ Бас ассамблеясының қарарын қабылдап, сондай-ақ Ядролық қаруға тыйым салу туралы шартты ратификациялап, ядролық қарусыздану ісіне өзінің практикалық және елеулі үлесін қосқанын атап өтті.

"Терроризммен қарсы күрес мәселесіне тоқтала келе, Е.Ашықбаев жаһандық терроризмге қарсы коалиция құрудың бір әдісі болып табылатын терроризмнен азат әлемге қол жеткізу мінез-құлық кодексін қабылдау туралы Қазақстанның бастамасын атап өтіп, Қозғалысқа мүше елдердің бұл құжатқа қосылатынына сенім білдірді.

Сонымен қатар, Е.Ашықбаев АӨСШК-ті кезең-кезеңімен толыққанды аймақтық ұйымға айналу қажеттілігіне іс-шара қатысушыларының назарын аударып, Қазақстан 2020 жылы АӨСШК-те төрағалық ету аясында басқа халықаралық ұйымдармен және көпжақты институттармен, соның ішінде Қосылмау қозғалысымен қатынастарды тереңдетуге күш-жігерін бағыттайтынын айтты" - делінген таратылған ақпаратта.

Сөз соңында министрдің орынбасары қатысушыларды 2019 жылғы мамырда Алматы қаласында бүкіл аймақтың бейбітшілігі мен тұрақтылығын нығайтуына және тұрақты дамуына ықпал ететін БҰҰ-ның тұрақты даму мәселелері жөніндегі орталығы ашылғаны туралы ақпараттандырды.

Іс-шара аясында Қазақстан делегациясының басшысы Кения республикасы және Вьетнам социалистік республикасы  делегацияларының басшылары А.Намвамба мен Нгуен Куок Дунгпен екіжақты кездесулерін өткізіп, олардың барысында барлық салаларындағы екіжақты ынтымақтастықтың ағымдағы жағдайы мен даму келешегі талқыланды. Тараптар тұрақты байланыстарды жалғастыруға және өзара қызығушылық тудыратын мәселелері бойынша қолдау көрсетуге уағдаласты.



Өзгелердің жаңалығы