Коронавирус. Қазақстан мен Қытай бірлесе әрекет етеді

3 Наурыз 2020, 20:54
1045
Бөлісу:
Коронавирус. Қазақстан мен Қытай бірлесе әрекет етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сыртқы істер министрлігінде Қытай Компартиясының Орталық комитеті саяси бюросының мүшесімен кездесу өтті.

Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Орталық Азия елдеріне сапары аясында Қазақстанға келген Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитеті саяси бюросының мүшесі, ҚКП Орталық комитетінің сыртқы істер жөніндегі комиссия кеңсесінің басшысы Ян Цзечимен кездесті.

Кездесу барысында екіжақты ынтымақтастықтың кең ауқымды өзекті мәселелері, соның ішінде саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту бойынша пікір алмасылды. 

Сондай-ақ, тараптар коронавирус індетіне қарсы әрекет ету бойынша екі елдің өзара іс-қимыл мәселелерін қарастырды.

Өзгелердің жаңалығы