Қазақстан мен Татарстан халал индустриясын бірге дамытады

1 Тамыз 2019, 01:28
1774
Бөлісу:
Қазақстан мен Татарстан халал индустриясын бірге дамытады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Татарстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал» стандарттау комитеті мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Халал Даму» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандум отырды. Бұл туралы ҚМДБ баспасөз қызметінен хабарлады. 

Құжатқа атарстан мұсылмандары діни басқармасының «Халал» стандарттау комитетінің төрағасы Зиганшин Ирек пен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы «Халал Даму» ЖШС-ның директоры Ануарбек Елжанов қол қойды. 

Бүгінде Кеден одағына мүше елдер арасындағы тауар айналымның 30 %-ға жуығын «Халал» тағам өнімдері құрайды. Оның бір бөлігі Татарстаннан келіп жатыр. Осыған орай екі ел сертификатталған халал өнімдерді тосқауылсыз экспортқа шығару және импорттау үшін жағдай жасау мақсатында бірлесіп жұмыс істетін болды. 

Бұл меморандум негізінде тараптар «Халал» саласын дамыту жолында бірлесе күш жұмылдырып, бірлесіп семинарлар, кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жұмыстарды атқару, оқыту, білім жетілдіру семинарларын жүзеге асырады. 

Өзгелердің жаңалығы