Қазақстан елшісі Кувейт әміріне сенім грамоталарын тапсырды

20 Қараша 2019, 01:30
1820
Бөлісу:
Қазақстан елшісі Кувейт әміріне сенім грамоталарын тапсырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.  Қазақстан Республикасының Кувейт мемлекетіндегі елшісі Дәулет Ембердиев "Байан" сарайында Кувейт әмірі шейх Сабах әл-Ахмад әл-Джабер Ас-Сабахқа сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлады ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, рәсімнен кейін болған кездесу барысында елші Кувейт әміріне  Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың және ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең ізгі тілектерін жеткізді. Д.Ембердиев біздің елдің басшылығының екі ел арасындағы өзара ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша ынтымақтастықты одан әрі дамытуға күш-жігерді еселеуге мүдделігін білдірді. Елші бүкіл әлемде, оның ішінде Қазақстанда Кувейт әмірінің бейбітшілік жолындағы еңбегін жоғары бағалайды және 2014 жылы оған БҰҰ-ның "Гуманитарлық лидер" атағын беруі соның дәлелі болып табылады деп көрсетті. 

Елші оның идеялары Елбасының бір-бірінің ішкі істеріне қол сұқпау принципін ұстана отырып, мұсылман әлеміндегі таластарды ізгі ниет және сындарлы бағамдау арқылы бейбіт жолмен шешудегі қарым-қатынастарда жаңа парадигма болып табылатын Ислами татуласу үрдісі бойынша бастамасына үндес екендігін атап өтті. Президент Қ.Тоқаевтың осы жылы инаугурациялық және Қазақстан халқына жолдауы секілді маңызды сөздерінде белгіленген маңызды бағыттар туралы баяндады. Экономика негіздерін түрлендірудің, транзит-тасымалдық әлеуетті алға жылжыту және инвестицияларды тарту секілді қазақстандық шараларды атап өтіп, еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық салаларындағы дамуын жаңғырту туралы айтты. 

5dd3e0599cec7.jpg

Сонымен қатар, халықаралық ұйымдар аясындағы ынтымақтастықты тереңдету қажеттілігіне назар аударылды. Екі жақ көптараптылықтың, соғысқа қарсы және ядролық қаруға қарсы бағыттың сенімді жақтаушылары ретінде, атап айтқанда, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің сайтында БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелері ретінде - 2017-2018 жылдары Қазақстан, Кувейт - 2018-2019 жылдары жемісті жұмыс жасады. Сондай-ақ, Н.Назарбаевтың үш диалогқа негізделген жаңа геосаяси шындықты құру, сондай-ақ біздің планетамызды лаңкестік пен жаппай қырып-жою қаруларынан арылту жөніндегі маңызды бастамаларын қолдау ұсынылды. Кувейт Азиядағы болашақ қауіпсіздік жүйесінің архитектурасын бірлесіп құруға мүмкіндік беретін АӨСШК процесіне қатысуға шақырылды.

Кувейт биыл 1 қазаннан бастап визасыз режимі бар елдер тізіміне енгізілді, одан бұрын Қазақстан мен Кувейт арасындағы дипломатиялық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісім күшіне енді деп көрсетілді. Біздің экономикалық қатынастарымыздың инвестициялық құрамдас бөлігін нығайту үшін қажетті жағдайлар жасалған, - делінген хабарламада. 

Кувейт әмірі шейх С. Ас-Сабах Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуына жоғары баға берді. Кувейттің Қазақстанмен екіжақты және халықаралық мәселелердің кең ауқымы бойынша қатынастарын одан әрі дамытуға әзірлігін растады. Шейх С. Ас-Сабах Қазақстанның Тұңғыш президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің жылы тілектерін жолдап, елші Д.Ембердиевтің жұмысына табыс тіледі.

Өзгелердің жаңалығы