Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.
6 қазаннан бастап Қазақстанға шетелден келетіндер коронавируспен ауырмайтыны ПТР тестпен дәлелденген анықтама әкелуі керек деген шешім қабылданған. Мұндай анықтамасы жоқтар 2 тәулікке карантиндік стационарға жатқызылады. Бірінші тәулік ішінде Нұр-Сұлтан қаласына 510 жолаушы ұшып келді, оның 177-і карантинге жатқызылды. Алматыға ұшып келген 1 228 жолаушының 278-ы анықтамасыз келген. Олар да карантинге жатқызылды. Атырау қаласына ұшып келген 28 адам карантиндік стационарға жатқызылды. Сонымен бірінші тәулік ішінде елімізге 1 912 жолаушы ұшып келсе, 1428-інде коронавируспен ауырмайтыны туралы анықтама болса, 484 жолаушыда ондай анықтама болмаған, - деді Бағдат Қожахметов.Оның айтуынша, 483 жолаушы екі күндік карантинге жатқызылған. Анықтамасы жоқ жолаушылардың біреуі консул қызметінің өкілі болған. Талап бойынша ол үй жағдайындағы карантинде болды.