Қазақстанға азаматтары визасыз қатынайтын елдер саны артты

1 Қазан 2019, 04:05
2164
Бөлісу:
Қазақстанға азаматтары визасыз қатынайтын елдер саны артты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанға тағы 12 мемлекеттің азамататтары визасыз кіретін болды. Үкіметтің арнайы қаулысы бүгін күшіне енді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

24.kz хабарлағандай, бұған дейін елімізде 30 күнге дейін 45 мемлекеттің азаматтары визасыз жүре алатын. Бұл тізім еліміздің саяси, экономикалық және инвестициялық мақсат-мүдделерін негізге ала отырып кеңейтілді. Тек 2005-2018 жылдар аралығында елімізге бұл елдерден 876 млн АҚШ доллар көлемінде тікелей инвестиция тартылған.

«Бахрейн, Ватикан, Ветнам, Индонезия, Катар, Колумбия, Кувейт, Ихтенштейн, Оман, Сауд Арабиясы, Тайланд және Филиппин. Қаулымен аталған елдердің азаматтары үшін егер олардың Қазақстан Республикасында болу кезеңі, Қазақстан  шекарасынан өткен күннен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын болса визасыз кіру және шығу құқығы берілген. Визалық формалдылықты жою шетелдік инвесторлардың бизнесмендер мен туристерлдің санын арттыруға бағытталған. Визалық режимді жеңілдету Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуалды жақсартуға ықпал етеді», - деді ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Өзгелердің жаңалығы