Қазақстанға 100 жылжымалы медициналық кешен жеткізілмек

21 Шілде 2020, 15:43
2352
Бөлісу:
Қазақстанға 100 жылжымалы медициналық кешен жеткізілмек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында "Коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдай" тақырыбы аясында өткен онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

Жалпы, төсек-орын қоры 30,4 мың орыннан 49,7 мыңға жеткізіліп, 19,3 мыңға көбейтілді. Провизорлық төсек-орын 20 пайызға, жансақтау бөліміндегі төсек-орынды пайдалану 6 пайызға төмендеді. Үйдегі науқастарға қызмет көрсету үшін 2962 мобильді бригада ұйымдастырылды. Республиканың инфекциялық және провизорлық стационарларында 1958 өкпені жасанды желдету (ӨЖЖ) аппараты бар. Қосымша тағы 4183 аппарат сатып алынбақ. Оның 3105-і отандық өндірушілерден сатып алынады. Шамамен, алдағы екі ай ішінде бұл аппараттар елімізде өндіріліп, медициналық ұйымдарға орналастырылатын болады. Сондай-ақ 21 855 мың төсек-орын оттегіге, оның 17 762 мыңы оттегі концентратына қосылады. Бұл аппараттар мемлекеттен ғана емес, елдегі қарапайым азаматтары мен меценаттардың көмегімен алынды. Тағы бір маңызды мәселе – 100 жылжымалы медициналық кешенді жеткізу жоспары бар. Мұндай кешендер аймақтың деңгейде медициналық көмек беруге, оның ішінде, шалғай жатқан елді мекендерді қамтуға мүмкіндік береді. Кешен рентген құрылғысы, УДЗ, ЭКГ, генекологиялық және бақылау кабинеттерімен, анализ алу пунктімен жасақталған, - деді ол.
Министр жедел шараларды қабылдау нәтижесінде тәуліктік вирус жұқтыру көрсеткіші 4 пайыздан 2,1 пайызға төмендегені байқалғанын жеткізді. 
Жедел жәрдемді шақыру көрсеткіші 23 пайызға, жеке қалаларда екі есе азайды.  Коронавирустан сауыққандар саны 60 пайызға жетті. Бұл мәліметтер елдегі сырқаттану динамикасының тұрақталып келе жатқанын көрсетеді. Өзге өңірлердегі дәрігер әріптестерімізбен тілдескен кезде де, дәрігерлердің үйреншікті жұмыс режиміне біртіндеп кірісе бастағанын білдік. Енгізілген шаралар жүйелі түрде жұмыс істей бастағаны байқалады. Әрине, денсаулық сақтау жүйесі бірден толыққанды жұмыс істеп кетпесі анық. Дегенмен, бізде нақты алға жылжу белгілері бар. Жұмыс жүйеленіп, қолжетімділік артып, мобильді бригадалар көбейіп келеді. Екі апта бұрын мобильді бригада деген атымен жоқ еді, қазіргі көрсеткіш басқа, - деді ол. 

Алексей Цой дәрілік заттарды жоспарлау және сатып алу мәселесіне баса назар аударылып отырғанын айтты. 
Мемлекет басшысының сапалы ұйымдастыру және дәрі-дәрмек сатып алу тапсырмасы бойынша дәріні бір реттік кіргізу бойынша сертификаттау мен тіркеу тәртібі жеңілдетілді, Өңірлерде осы бағытта арнайы тұрақтандыру қорлары жасақталды. «СҚ-Фармация» дәрілік заттардың бір айлық қорын құрды және ол осы айдың соңына дейін барлық өңірлік ауруханаларға жеткізілетін болады. Келешекте «СҚ-Фармация» қоймасында дәрілік заттардың екі айлық қорын жасақтау жоспарда бар. Бөлшек сауда бойынша біз отандық жаппай саудамен айналысатын компанияларға көмек ретінде Ресей және Үндістанға 6 әуе рейсін ұйымдастырдық. Қазір 4 миллионнан астам қорап дәрі Қазақстанға жеткізілді, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы