Қазақстанға Қытайдың 161 азаматын кіргізбей қойды

18 Наурыз 2020, 17:13
6527
Бөлісу:
Қазақстанға Қытайдың 161 азаматын кіргізбей қойды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов елдегі төтенше жағдайға байланысты мұнай-газ саласында істейтін 161 Қытай азаматы  елге кіргізілмегенін айтты.

Бірқатар мемлекеттерден шетелдік қызметкерлердің елге кіруіне қойылған шектеулерге байланысты жоғары білікті мамандарды ауыстыру, жергілікті еңбек нарығында іздеу жалғасатын болады. Мысалы, қазіргі уақытта "КРІ" ЖШС жобасында барлығы 397 ҚХР азаматтары жұмыс атқарып жатыр. Енгізілген шектеулерге байланысты Қазақстанға  161 Қытай азаматы кіргізілмеді. ҚР энергетика министрлігі премьер-министрдің тапсырмасын орындау үшін ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен, Атырау облысының әкімдігімен және "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ  мен KPI бірлесіп, азаматтарды жергілікті персоналмен ауыстыру  бойынша шараларды әзірлеп жатыр, - деді Әсет Мағауов.
Оның айтуынша, бүгінгі күні жергілікті кадрларды қабылдау бойынша арнайы комиссия құрылған. 
Әңгімелесу мен тәжірибелік емтихандардың қорытындысы бойынша құрылыс алаңында жалпы құрылыс жұмыстарына 50 адам ұсынылып, 45 адам жұмысқа қабылданды. Бұл  жұмыс тұрақты негізде жалғасатын болады, - деді вице-министр.

Өзгелердің жаңалығы