Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық банк еліміздегі айырбастау пунктілерінің жұмыс уақытын қысқартпақ. Бұл туралы Ұлттық банктің сайтында жарияланды.
"Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қаулының 5 тарауы 33-2 тармағына сәйкес:
"Айырбастау пунктінің (автоматтандырылған айырбастау пунктінің) жұмыс режимі қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыруға құқығы бар заңды тұлға 10 сағат 00 минуттан 19 сағат 00 минутқа дейінгі уақыт шегінде дербес анықтайды", - делінген ақпаратта.
Қаулының толық жобасымен мына жерде таныса аласыздар.