Айыппұл неге көбейді? – Дүйсенова жауап берді

Кеше, 12:17
1015
Бөлісу:
Айыппұл неге көбейді? – Дүйсенова жауап берді
Фото: Үкімет

Премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова айыппұлдардың көбеюіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айыппұлды төлемеу үшін заңды бұзбау қажет қой. Егер заң бұзылмаса, сіз ешкімге бір тиын да төлемейміз. Айыппұл заңды бұзғанда болады. Мәселен үлкен тас жолдарда жылдамдықты 110 асырмау қажет, бірақ оны елемей 170-пен жүретіндер бар. Соның кесірінен не болып жатқанын көріп отырсыздар. Сондықтан бүкіл көтерілген мәселе заңды болуы керек, – дейді Тамара Дүйсенова Үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Еске салайық, вице-премьер елімізде әлеуметтік төлемдердің қаражаты көбейгенін айтқан еді.

Еске сала кетсек, бұған дейін министр "Жұмысшы мамандықтары жылы" елімізде қандай шаралар ұйымдастырылатынын айтқан еді. Бейсембаев шаралар жоспары 7 бағытты қамтитын 70 тармақтан тұратынын айтады. 

Премьер-министр экономиканың дамуы кәсібін жеттік меңгерген мамандарға байланысты екені туралы осыған дейін айтты.

Өзгелердің жаңалығы