28 млн теңгеден астам айыппұл арқалаған көлік жүргізушісі ұсталды

20 Маусым 2020, 17:46
1757
Бөлісу:
28 млн теңгеден астам айыппұл арқалаған көлік жүргізушісі ұсталды

Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының полицейлері әкімшілік айыппұлды төлеуден жалтарғандарды анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр. 

Бұл туралы Алматы облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысы аумағында полиция қызметкерлері жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының, мемлекеттік кірістер органдарының және Әділет департаментінің өкілдерімен бірлесіп "Борышкер" жедел-алдын алу іс-шарасын өткізуде. 

Іс-шараның басты мақсаты - айыппұлдарды, салық міндеттемелерін, алименттерді және басқа да төлемдерді төлеуден жалтаратын жүргізушілерді анықтау.

Жедел алдын алу шарасының бірінші күнінің жұмысы нәтижесі бойынша борышкерлерден жалпы сомасы 8 млн 861 мың теңгеге 680 айыппұл өндіріп алынды.

Жеке сот орындаушыларының қаулылары негізінде жол қозғалысы саласында әкімшілік айыппұлдар бойынша елеулі қарыздары бар 13 автокөлік мамандандырылған тұрақтарға орналастырылды. Талдықорған қаласында жалпы сомасы 28 млн 568 мың теңге көлемінде салық және әкімшілік айыппұлдары бойынша берешегі бар Газель автокөлігімен Р. есімді азамат ұсталды. Атқарушылық құжаттарды уақтылы орындамағаны үшін оның көлігі мемлекеттік кірістер органдарының мамандандырылған тұрағына орналастырылды. Бұдан өзге, борышкерлерді аулаларды аралау арқылы тексеру жүзеге асырылуда, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы