Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысында коронавирус инфекциясынан қайтыс болған әскери қызметшінің екі баласынан COVID-19 анықталды, деп хабарлады Лада.kz сайты.
Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, коронавирус инфекциясы ПТР диагностикалық тестінің нәтижесі арқылы расталған.
Бірінші науқас әскери қызметшінің 1990 жылғы әріптесі. Ол тұратын 22 ықшамаудандағы үйдің кіреберісі карантинге жабылды. Екінші және үшінші пациенттер Мұнайлы ауданы Батыр ауылының тұрғындары - 2006 және 2007 жылы туылған әскери қызметшінің екі баласы, - деп хабарлады аймақтың қоғамдық коммуникациялар орталығында.
Естеріңізге сала кетейік, Маңғыстау облысында коронавирустан көз жұмған алғашқы адам өлімі 24 сәуірде тіркелген.
40 жастағы ер адам 20 сәуірде дене қызуының жоғарылауы және тамақ ауруына байланысты жедел жәрдем көмегіне жүгінген. Рентгеннен өткен. Нәтижесінде өкпесінде пневмония бар екендігі анықталған. Науқас екі рет коронавирусқа тест тапсырған. Біріншісі теріс, екіншісі оң нәтиже көрсеткен.
Ол аймақтағы әскери бөлімшелердің бірінде қызмет атқарған. Төтенше жағдай жарияланған сәттен Ақтау қаласының дезинфекторлар құрамында болған. Үйленген. Бес баласы бар.