Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында "Пробация" атты РПМ нәтижелері шықты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Республика аумағында 2020 жылдың 09-18 наурыз аралығында "Пробация" атты республикалық жедел профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.Аталған іс- шара пробация қызметінің тоқсан сайын өткізілетін тиімді іс- шараларының бірі болып табылады.
Профилактикалық іс- шаралардың мақсаты есепке тұрған адамдарды құқық бұзушылық мінез-құлыққа тәрбиелеу болып табылады, сондай-ақ пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаусыз жазаларға сотталған адамдар тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және қайталама қылмыстарды алдын алу мақсатында жүргізіледі. Осындай іс- шараларды өткізу нәтижесінде статистикалық көрсеткіштер айтарлықтай және толық көлемде оң жаққа қарай өзгереді. Осындай профилактикалық іс- шараларды өткізу үлкен маңызға ие және оң нәтиже береді.
Атап айтқанда бүгін Семей қаласы Әуезов аудандық пробация қызметі есебінде тұрған өз мінез-құлқымен түзелгенін дәлелдеген Т. сотталғанды шартты түрде мерзімнен бұрын босату бойынша сот отырысы өткізілді және сотталғанның өтініші қанағаттандырылып, шартты түрде мерзімнен бұрын босатылды. Осылайша, шартты түрде мерзімінен бұрын босату сотталғандармен жүргізілетін тәрбие процесінің өзіндік стимулына айналуы мүмкін.
Оқи отырыңыз: