Айта-айта әбден жауыр болды: Балаева атышулы бағдарламаларға қатысты пікір білдірді

26 Мамыр 2021, 16:22
4524
Бөлісу:
Айта-айта әбден жауыр болды: Балаева атышулы бағдарламаларға қатысты пікір білдірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңындағы халық алдындағы есеп беру кезінде Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева айтты.

«Қалаулым» мен «Қослайк» бағдарламаларына министрліктің ұстанымы қандай? Неге бұл бағдарламалар жабылмайды? Онымен қоса, Президент те бұл мәселе бойынша пікір білдірді деп елордалық тұрғын министрге сауал жолдады.

Өз кезегінде Аида Балаева былай деп жауап берді.

Бұл айта-айта әбден жауыр болған мәселе ғой. Бірақ кез келген бағдарламаны ұнамаса жауып тастауға Ақпарат министрлігінің құзыреті жоқ. Заң бар. Айтылып отырған бағдарламаның барлығы жекеменшік БАҚ-тарда жүргізіліп жатыр. Қоғам тарапынан наразылық болғандықтан нақты ұсыныстарымызды бердік. Десе де, қоғамның бір бөлігі оған наразы болса, екінші бөлігі сол бағдарламаларды өліп-тіріліп қарайды, - деді министр.

Балаева атап өткендей, «Астарлы ақиқат», «Қалаулым» деген бағдарламалар рейтингтің ең басында тұр.

Яғни сұраныс бар. Халық көрген соң БАҚ-тың иесі оларды жауып тастамайды. Сол себепті БАҚ-тар мен министрлік бір мақсатқа жұмылуы керек. Халықтың мәдениеті мен талғамын көтеруге жұмыс істеуіміз керек. Осы шаруа дұрыс жолға қойылса, халық ақ пен қараны ажырата білсе ғана ондай бағдарламалардың рейтингі төмендеп, жабылады, - деп қосты министр.



Өзгелердің жаңалығы