Айт күндері ораза ұстауға бола ма?

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы айтта ораза ұстауға қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

21 Сәуір 2023 2023, 00:24
АВТОР
 islam.kz 21 Сәуір 2023 2023, 00:24
21 Сәуір 2023 2023, 00:24
3108
Фото: islam.kz

Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы айтта ораза ұстауға қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ораза айттың бірінші күні және құрбан айттың төрт күнінде ораза ұстау – тахриман мәкрүһ. Өйткені бұл Алланың бізге сыйлаған мерекесі, тойлау және қуаныш күндері. Бұл күндері ораза тұту күнә болғанымен, оразасы жарамды. Егер осы күндері ұстаған оразасын бұзса, қаза өтеуі керек емес. Ал оразаның қазасын айттан кейін кез келген күні, келесі жылдың ораза айына дейін өтеуге болады, - делінген ҚМДБ жауабында.

Айта кетейік, Айт намазы Алматы, Астана және Шымкент қалаларында 21 сәуір күні таңғы сағат 7:00-де оқылады.

Наверх