Қазақстанның бірінші, әлемнің 25-ракеткасы Елена Рыбакина Аустралия ашық чемпионаты алғашқы күнінің қорытындысы бойынша доп беруден үздік көрсеткішке қол жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Қазақстан теннис федерациясынан мәлім еткеніндей, Е.Рыбакина италиялық Элизабетта Коччареттомен матчта екінші сеттің соңында 195 км/сағат жылдамдықпен доп берді.
Бұл осы уақытқа дейін әйелдер арасында үздік көрсеткіш.
Осы «Үлкен дулыға» додасының 22-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші ертең екінші айналымда дүниежүзілік рейтингте 104-орында тұрған словениялық Кайя Йуванмен кортқа шығады.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева бүгін румыниялық Сорана Кырстямен алғашқы кездесуін өткізеді.