Астана, BAQ.KZ тілшісі. Қазақтың құсбегілік өнерін əлемге əйгілі еткен бүркітші қыз Айшолпан Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуден кейінгі əсерімен бөлісті.
Айшолпан Нұрғайыпқызы кеше Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен Жастар жылының ашылу рəсімінде сөз сөйлеген болатын. Ол өз сөзінде құсбегілік өнерінде жеткен жетістіктерін айтып, Мемлекет басшысын Моңғолияға шақырған еді.
"Елбасының алдында сөз сөйлеу мен үшін үлкен қуаныш, биік абырой. Ол жерде аздап қобалжыдым. Атамды көру менің арманым болды. Кеше сол арманым орындалды. Өте қуаныштымын. Жəне де осылай Астанада, атамекенімде білім алып жатқаныма қуанамын", - деді Айшолпан Нұрғайыпқызы Sputnik Қазақстан баспасөз орталығында берген сұхбатында.
Қазақтың құсбегілік өнерін әлемге әйгілі еткен бүркітші қыз Айшолпан Нұрғайыпқызын танымайтын адам жоқ. Атқа мініп, бүркітін баптап, аңға шыққан қаршадай қыз төл өнерімізді жалғап қана қоймай, оған қайта жан бітірді. Айшолпан қазір елордада оқып жүр. «Spectrum» халықаралық мектебінде білімін шыңдап жүрген моңғолиялық қандасымыз спорттық, қоғамдық іс-шаралармен ғана шектелмей, мемлекеттік маңызды жиындарда да атсалысып жүр. BAQ.KZ тілшісі Айшолпанмен сұхбаттасып, бүркітші қыздың Қазақстандағы өмірі, оқуы және әрине - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевпен ертеңгі кездесуі жайлы сұрастырған еді.