Астана, BAQ.KZ. Қорғас шекаралық бақылау отрядының аумағында орналасқан Халықаралық шекара бойы ынтымақтастығына бөтен құжатпен кірмекші болған 37 жастағы қазақстандық азаматша ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі хабарлады.
"Тексеруге ұсынған құжаты бойынша 1985 жылы туған Шолпан, бір қараған адамға ешқандай күдік келтірмейтін еді. Түр-әлпеті құжаттағы суретке келіңкірейді. Міне, осы - «келіңкірейді» - деген анықтамада «гәп» бар еді. Шекарашылардың күдігі ырасқа айналды. Шекарашыларға 33 жастағы Шолпан болып танысқан келіншек, шын мәнінде оның 37 жастағы туған әпкесі Айман болып шықты (есімдері өзгертілген). Бөтен құжат көрсетуінің себебі – оған елден шығуға тыйым салынған екен. Ішкі істер органдары хабарланды" - делінген хабарламада.
Осы тексеру пункітінің шекара наряды кеше кешкілік (сағат 18.30-дар шамасында) Орталықтың аумағын аралап жүріп автокөліктер тұрағының маңынан 8 қорапқа салынған, жалпы салмағы 180 кг-ға жуық Қытай дәрі-дәрмегін тауып алды. Ешқандай құжатсыз жүктің, әдеттегідей, иесі табылған жоқ.