Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда өңірдегі қорда коронавирус инфекциясына қарсы дәрілік заттар жеткілікті.Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаменті басшысының орынбасары Ғалима Азирова мәлімдеді.
Мәселен антибиотиктердің 438 271 қорабы, вирусқа қарсы претараттың 12 828 және антикоагулянттардың 1630, ыстықты түсіретін 177 897 мың қорабы бар.
Сондай-ақ аймақтағы 17 фармацевтикалық ұйымды дәрілік заттармен қамтамасыз ету мақсатында 281,2 млн теңге көлемінде қаржы бөлінген. Бөлінген айналым қаражатына ыстықты түсіретін, антибиотиктер, вирусқа қарсы, иммуностимуляторлар, медициналық бұйымдар, инъекциялық және гормондық препараттар сатып алынды. Тағы да қосымша 1,2 млн теңгені құрайтын дәрілік заттар әкелінетін болады.
Биыл 6512 дәрілік зат атауына шекті баға бекітілді. Яғни вирусқа қарсы 230 дәріге нарықтан төмен шекті баға енгізілді. Дәрі-дәрмектерге мониторинг тұрақты жүргізілуде, – деді Ғалима Жақсылыққызы.