Аймағамбетов жаңа оқу жылында қандай жаңашылдықтар болатынын айтты

16 Тамыз 2022, 11:25
6269
Бөлісу:
Аймағамбетов жаңа оқу жылында қандай жаңашылдықтар болатынын айтты

Бұл туралы Үкімет отырысында  Оқу-ағарту министрі Асхат аймағамбетов айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Жаңа оқу жылында мектептерге қатысты бірқатар жаңашылдық енгізілді. Біріншіден, арнайы зерттеулер мен сараптамалардың қорытындысына сәйкес 1-сынып оқушысына үш тілді бірден меңгеру қиын екені анықталды. Бала алдымен өз тілінде оқып және жаза білуі тиіс. Осыған орай, біз қазақ тілді мектептерде 1-сынып оқушысын тек қазақ тілінде оқытуды, ал орыс тілді мекетептерде қазақ тілі мен орыс тілін оқыту туралы шешім қабылдадық, - деді ол. 

Аймағамбетов атағандай, қазақ тілді мектептерде екінші сыныптан бастап орыс тілі енгізіледі, ал ағылшын тілі барлық мектептерде үшінші сыныптан басталады. 

Сонымен бірге «Еңбекке баулу» және «Бейнелеу өнері» пәндері 1-ші сыныптан  бастап енгізілді. Музыка пәнінің аясында 6-сынып оқушылары өз қалауымен домбыра аспабында ойнауды үйрене  алады. Мектептерде қосымша факультатив есебінен шахматты дамытуға мүмкіндік беріледі. Менеджементті және мектептегі кадр сапасын күшейту үшін де өзгерістер енгізілді, - деді Аймағамбетов. 

Ол атағандай, биыл  білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау  институты енгізілді. 

Қазірдің өзінде 431 директор ротациядан өтті. Педагогтерді жұмысқа қабылдаудың жаңа қағидалары да іске асырылып жатыр. Жұмысқа қабылдау енді конкурс бойынша педагогтің білімі, еңбек өтілі, біліктілік санаты және кәсіби жетістіктері сияқты критерийлердің негізінде жүргізіледі. Бұған қоса педагогтерді Ұлттық біліктілік тестілеу арқылы жұмысқа алу тәртібі қабылданды. Яғни енді дипломның ғана негізінде емес, қосымша өз пәні бойынша тестілеуден өткендерді ғана мектепке жұмысқа қабылдаймыз, - деді ол. 

Өзгелердің жаңалығы