Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Аймағамбетов мұғалімдерді жарыққа теңеді

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
19 Наурыз 2025, 11:30
1750
Бөлісу:
 BAQ.KZ  архив
Фото: BAQ.KZ архив

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов мұғалімдерді жарыққа теңеп, ол жарық сөнсе, қоғам қараңғыда қалатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мұғалімдер – еліміздегі ең ірі кәсіби қауым. 500 мыңнан астам педагог – Қазақстанның болашағын қалыптастыратын жандар. Білім - бұл жарық. Егер мұғалімнің шамы сөніп қалса, барлық қоғам қараңғыда қалады. Сондықтан Мемлекет басшысы реформаларын дәл осы ұстаздардан бастады, - деді депутат Мәжілістің пленарлы отырысында.

Депутат айтқандай, мұғалімдердің орташа жалақысы небәрі 109 мың теңге болса, бүгінде ол екі еседен асты.

Өзгелердің жаңалығы