Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов медициналық көмекті халыққа барынша қолжетімді етудің жолдарын ұсынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Қазір азаматтарымыз ауруханаға барып, тексеруден тегін өткісі келсе, 1 немесе 3 ай күтуі керек. Ал сол қызметке ақша төлесе, 3 минутта өтеді. Осылайша бұл жасанды проблема, - деді депутат.
Сондай-ақ ол осы салаға енгізілген қаржыландыру жүйесі де дұрыс емес екенін айтты.
Мысалы қазір ауруханалар қаражатты ай сайынғы квота арқылы алады. Мысалы КТ жасауға айына 10 квота, МРТ істеуге 5 квота беріледі. Егер сұраныс бұдан көп болса, онда дәрігер емделушіні келесі айға жазуға мәжбүр, - деді Асхат Аймағамбетов.
Депутат осындай жағдайды ескеріп, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін реформалап, ай сайынғы қаржыландырудан бас тартуды ұсынды.