Аймағамбетов елордадағы 89 мектептің жұмысымен танысты

19 Мамыр 2021, 16:27
4666
Бөлісу:
Аймағамбетов елордадағы 89 мектептің жұмысымен танысты
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов елордадағы №89 мектеп-лицейінде болып, жұмысымен танысты.

Аймағамбетов елордадағы 89 мектептің жұмысымен танысты

Бүгін аталған мектепте республикалық олимпиада жеңімпаздары және жүлдегерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Салтанатты шара басталмас бұрын бас ұстаз былтыр ғана ашылған білім ортасының жұмысымен танысып, оқу кабинеттерін аралап көрді.

Аймағамбетов елордадағы 89 мектептің жұмысымен танысты

Мектепте санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай кіреберісте дезинфекция туннелі орналасқан.

Оқу ордасындағы арнайы медицина маманы алдымен БҒМ өкілдерінің дене қызуын тексерді.

Кейін министр мектептің бірнеше оқу кабинетін аралады. №89 мектеп-лицейінің директоры Бейімбет Мұхамедиев мектептегі арнайы бейнесабақ жазатын студияның жұмысымен таныстырды. Оның сөзінше, биология, математика сабақтарынан бейнесабақтар жазған.

Аймағамбетов елордадағы 89 мектептің жұмысымен танысты

Сонымен қатар Асхат Аймағамбетов инклюзияны қолдау кабинетінің жұмысымен де танысты.

Мектеп әкімшілігінің айтуынша, қазіргі таңда инклюзия кабинетінде сабақтар өткізіліп жатқан жоқ. Айтуыларынша, оқушылар карантин талабына сәйкес онлайн форматта оқып жатыр. Дегенмен психологтар мен арнайы мамандар мектепте.

Аймағамбетов елордадағы 89 мектептің жұмысымен танысты

Аймағамбетов елордадағы 89 мектептің жұмысымен танысты

89 мектеп-лицейі 2020 жылғы оқу жылында ашылды. Мектеп 1 200 балаға арналған. Қазір оқу процесі жүріп жатыр. Санитарлық талап бойынша онлайн форматта да, офлайн форматта да оқыдық. Қазіргі баланың саны күн сайын көбейіп келеді. Сонымен бірге мектепте «Нұрсұлтан Назарбаев қорының» инклюзия кабинеті ашылған. Осы кабинетте 11 бала оқу процесіне қатысып жатыр. Кабинет тиісті құралдармен, мамандармен жабдықталған. Атап айтқанда, психолог, тьютор, дефектолог, логопед, көмекшілер бар, - деді 89 мектеп-лицейінің директоры Бейімбет Мұхамедиев.

Аймағамбетов елордадағы 89 мектептің жұмысымен танысты

Мектепте білім беру процесі екі тілде жүргізіледі: қазақ және орыс тілдерінде. 

Аймағамбетов елордадағы 89 мектептің жұмысымен танысты

Мектепте 46 кабинет бар, оның барлығы толығымен компьютермен, интерактивті тақтамен жабдықталған.

Аймағамбетов елордадағы 89 мектептің жұмысымен танысты

Сонымен қатар оқу ордасында 153 мұғалім оқушыларға білім береді.

Аймағамбетов елордадағы 89 мектептің жұмысымен танысты

Айта кетейік, министр Асхат Аймағамбетов республикалық олимпиаданың 60-тан аса дарынды оқушысын құттықтап, медаль табыстады. Сондай-ақ қалған 600-дей жеңімпазбен онлайн форматта кездесті.

Өзгелердің жаңалығы