Аймағамбетов әскерде борышын өтеген адамдарға жеңілдік беруді ұсынды

28 Ақпан 2024, 11:24
469
Бөлісу:
Аймағамбетов әскерде борышын өтеген адамдарға жеңілдік беруді ұсынды
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Әскерге барып, өз борышын өтеген азаматтарға арнайы жеңілдіктер ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ғылым мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырды.

Депутат заңда ұсынылып отырған нормалар жайлы айтты.

Әскерге барып, өз борышын өтеген азаматтарға арнайы жеңілдіктер ұсынылды. Біріншіден, осы санат үшін арнайы квота енгізу ұсынылады. Екіншіден, олар осы квоталар шеңберінде жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына арнайы дайындалған емтихандар негізінде түсу мүмкіндігін алады, - деді Аймағамбетов.

​Сонымен қатар осы азаматтарға жатақханада орын бөлген уақытта басымдық беріледі.

Өзгелердің жаңалығы