Аймағамбетов Англияда құлпынай теріп жүрген азаматтарымыз көбейіп кеткенін айтты

14 Қазан 2024, 11:42
1401
Бөлісу:
Аймағамбетов Англияда құлпынай теріп жүрген азаматтарымыз көбейіп кеткенін айтты
Фото: Скрин

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов шетелде жұмыс істеп жүрген азаматтарымыздың құқығын қорғау үшін сол елдермен келісім жасау керегін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Еңбек нарығы дегенде мигранттардың факторы да маңызды. Мигранттардың еңбек нарығындағы үлесі туралы нақты мәліметтер жоқ. Еңбек миграциясының өсуі бұл жаһандық трендтердің көрінісі. Бірақ біз еңбек миграциясын басқаруымыз керек. Алайда бүгінде стратегия көрінбейді, - деді мәжілісмен.

Ол басқа елде жұмыс істеп жүрген отандастарымыз жайлы айтты.

Бұған қоса басқа елдерде жұмыс істейтін азаматтарымыздың құқықтарымен жеткілікті деңгейде айналыспаймыз. Мысалы, Еуразиялық экономикалық одаққа кіретін елдерді алайық. Әртүрлі мәліметтер бойынша осы одақта шамамен 200 мың қазақстандық жұмыс істейді. Бұл былай қарағанда бүтін бір саламен тең. Көптеген отандасымыз Оңтүстік Кореяда еңбек етіп жүр. Ол аздай, соңғы кездері Англияда құлпынай теріп жүрген азаматтар көбейіп кеткен. Олардың саны қанша? Бұл факторлар біздің жұмыспен қамту статистикасында және негізгі саясатта ескеріле ме? Біз оны бүгін білмейміз. Біздің елдің азаматтары жұмыс істейтін барлық мемлекетпен, тіпті ол мемлекетте бір ғана отандасымыз жұмыс істесе де, олардың құқықтарын қорғау бойынша келісімдер жасалуы керек, - деп есептейді Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов.

Өзгелердің жаңалығы