Аймағамбетов: Алматыда 5 мың бала үйірмелерге бару мүмкіндігіне ие болады

25 Тамыз 2021, 20:20
6190
Бөлісу:
Аймағамбетов: Алматыда 5 мың бала үйірмелерге бару мүмкіндігіне ие болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Алматы қаласында 5 мың қатысушы үйірмелерге бару мүмкіндігіне ие болғаны туралы айтты.

Жақында енгізілген норма жүзеге асырыла бастады. Аталған норма әкімдіктерге жеке ұйымдарда қосымша білім беруге (үйірмелер, секциялар) мемлекеттік тапсырыс орналастыруға мүмкіндік берді. Алматы қаласының әкімдігі мемлекеттік тапсырысты 5 мың орынға орналастыра отырып, жақсы үлгі көрсетіп отыр. Демек, 5 мың қатысушы секциялар мен үйірмелерге бару мүмкіндігіне ие болады - деп жазды министр өз парақшасында.
Өзгелердің жаңалығы