Әйгілі боксшы өмірден өтті

28 Сәуір 2023, 10:15
735
Бөлісу:
Әйгілі боксшы өмірден өтті
VIDEO
Фото: egemen.kz

Бұрынғы ауыр салмақтағы әлем чемпионы, америкалық Артур Король Уильямс (47-17-1, 30 КО) қайтыс болды. Бұл туралы vRinge жазды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ол 58 жаста еді. Неден қайтыс болғаны белгісіз.

Уильямс 1989 жылдан 2010 жылға дейін кәсіби рингте өнер көрсетіп, чемпиондық атаққа ие болған: 1998 жылы қазанда IBF белбеуін Имам Мэйфилдтен алып, тоғызыншы раундта оны нокаутқа жіберді.

1999 жылдың ортасында Корольдің Василий Жировпен жекпе-жегі жетінші раундта тоқтатылды және бұдан кейін ол әлемдік атақ үшін жұдырықтаспаған.

Өзгелердің жаңалығы