Айгүл Соловьева: Бұл сәтті барынша пайдалану керек

14 Тамыз 2020, 21:40
2383
Бөлісу:
Айгүл Соловьева: Бұл сәтті барынша пайдалану керек

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның экологиялық ұйымдары қауымдастығының төрағасы Айгүл Соловьева карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспарына қатысты бұл сәтті барынша пайдалану керек деп санайды.

Әрине, карантинде ең алдымен, алдыңғы қатарлы экономика бірінші зардап шегетіні белгілі, олардың ЖІӨ-і іс жүзінде екіден 10%-ға дейін төмендеп кетті. Алайда, бұдан Қазақстан да зиян шегуде, оның үстіне біздің елдің экономикасы негізінен шикізаттық бағытта, ал бизнес шамамен 30%-ды құрайды. Сондықтан, осы 30% экономикаға сөзсіз әсер етеді. Мұнай бағасы да төмендеді. Ал, әлеуметтік тұрақтылықты кім береді, жұмыспен қамтуды кім қамтамасыз етеді, табыс кім әкеледі – мұның барлығы бизнестің арқасында келеді. Кәсіпкерлер ақша тауып, өмір сүруі керек, олар тек әлеуметтік көмектің арқасында өмір сүре алмайды, - дейді ол. 
Айгүл Соловьева бұл сәтті барынша пайдалану керек деп санайды.
Экономиканы жақсарту үшін бұл жағдайға басқа бағытта қарап, тиісті шаралар қабылдау қажет. Бизнеспен қарым-қатынасты жеңілдету, рұқсат беру рәсімдеріне түзетулер енгізу, бизнеске тосқауыл болатын кедергілерді алып тастау керек, тұтас кешенді бағдарлама қажет, - дейді ол. 
Айта кетейік, 13 тамызда ҚР Премьер-министрі Асқар Маминнің төрағалығымен мемлекеттік комиссия отырысы өткен болатын. Онда елдегі қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, карантин шараларын кезең-кезеңімен алып тастау жоспары қаралды.
Өзгелердің жаңалығы