Алматы, BAQ.KZ. РФ Ханты-Мансий автономды аймағында ер адам мен әйел орманда келе жатып аюға тап болған. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.
Оқиға өткен жұма күні Нягань-Талинка автожолының бірінші километрінде орын алған. Алдарынан аю шыға келгенде ер адам қашып үлгеріп, құтқарушыларды шақырған. Ал 55 жастағы әйел орманда аюмен қалған.
Құтқару-іздеу отряды оқиға орнына келіп, орманда іздеу жұмыстарын жүргізіп, әйелді тауып алған. Ол дін-аман табылған, тіптен медициналық көмекті де қажет етпеген.