Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер вагондарына өзімен бірге жеті жасқа дейінгі ұлдарды алып жүруге рұқсат етілген.
10 қазаннан бастап «Алматы - Маңғыстау», «Алматы - Өскемен» бағыттары бойынша пойыздарда әйелдер үшін арнайы бір купелік вагон ашылды.
Бұл ең алдымен әйелдердің қауіпсіздігі үшін жасалды. Мұндай вагондарға сұраныс бар. Әйелдер тарапынан көрсетілетін қызметке сұраныстың артуымен біздің компания осы бағыттардың географиясын кеңейтуге дайын. 7 жасқа дейінгі ер балаларды алып жүруге болады, - деді «Жолаушылар тасымалы» сату және клиенттермен жұмыс жүргізу департаментінің директоры Ерлан Жимайлов.Ол сондай-ақ мұндай вагондарда тек әйел жолсеріктер қызмет көрсететінін атап өтті.
Әйелдер вагондары басқалардан еш айырмашылығы жоқ. Стандартты купе. Сол баға, - деді ол.