Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әйелдер күресінен Қазақстан командасының бас бапкері Нұрлан Аманғосов Токио Олимпиадасында белдесетін балуандар тізімін жариялады деп хабарлайды Olympic.kz.
Аталған күрес түрінен Қазақстан командасы үш жолдама жеңіп алған болатын. Токио кілемінде Қазақстан намысын Валентина Исламова (50 келі), Татьяна Аманжол (53 келі) және Эльмира Сыздықова (76 келі) қорғайды.
Қыздарымыз мақсатты түрде әрі толыққанды жаттығу үшін бар жағдайды жасап жатырмыз. Жолдаманы жеңіп алған қыздардың барлығына да мүмкіндік береміз. Олар өз деңгейлерінің жоғары екендігін дәлелдеп келеді. Ал қалған жас спортшыларымызды Түркияда өтетін рейтингілік турнирге апарамыз. Алда Олимпиададан бөлек, әлем чемпионаты бар. Сол сынға дайындалады, – дейді бас бапкер.