Әйелдер күресінен ел командасы Минскіде екі алтын медаль жеңіп алды

Күрестен Қазақстан әйелдер командасы Минск қаласында (Беларусь) өткен үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведтің құрметіне арналған дәстүрлі халықаралық турнирге қатысты.

 Olympic.kz 17 Ақпан 2025 2025, 15:12
17 Ақпан 2025 2025, 15:12
857
Фото: Olympic.kz

Күрестен Қазақстан әйелдер командасы Минск қаласында (Беларусь) өткен үш дүркін Олимпиада чемпионы Александр Медведтің құрметіне арналған дәстүрлі халықаралық турнирге қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Алтын медальді Жәмиля Бақбергенова (72 келіге дейін) мен Эльмира Сыздықова (76 келіге дейін) жеңіп алды.

Күміс медальді Ирина Кузнецова (59 келіге дейін) иеленді.

Қола медальға Зейнеп Баянова (53 келіге дейін), Зульфия Яхъярова (55 келіге дейін), Тыныс Дубек (62 келіге дейін) және Елена Шалыгина (65 келіге дейін) ие болды.

Наверх