Әйелдер күресінен ел командасы әлем чемпионатына дайындалып жатыр

Бүгiн, 06:30
144
Бөлісу:
Әйелдер күресінен ел командасы әлем чемпионатына дайындалып жатыр
Фото: olympic.kz

Әйелдер күресінен Қазақстан командасы Албанияның Тирана қаласында өтетін олимпиадалық емес салмақтардағы әлем чемпионатына дайындалып жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Бұл туралы команданың бас бапкері Қайрат Сағадиев мәлімдеді.

Биылғы маусым аяқталуға жақын. Өкінішке қарай, Олимпиада ойындарына қатыса алмадық. Десе де, еңсемізді түсірмей, барлық қателікті жөндеуге тырысып жатырмыз. Алда олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойы нша әлем чемпионаты өтеді. Бүгінде Албанияның Тирана қаласында өтетін әлем біріншілігіне команда жасақталып жатыр. 11-28 қыркүйек аралығында Алматы облысында жалпы дене жаттығуы бойынша жиын өткіземіз, - деді Сағадиев.

Айта кетелік, күрес түрлерінен әлем чемпионаты 28-31 қазан аралығында Албанияның Тирана қаласында өтеді.

Өзгелердің жаңалығы