Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әйелдер күресі: Светлана Анкичева Poland Open турнирінде жүлдеге бір қадам жетпей қалды

1 Тамыз 2025, 22:26
630
Бөлісу:

Әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Светлана Анкичева Польшаның Варшава қаласында өтіп жатқан ірі турнирде жүлдеге қол жеткізе алмады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

50 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен қазақстандық балуан жартылай финалға дейін жетті.

Алайда финалға шығу үшін өткен белдесуде ол италиялық Эмануэла Люцциге жол берді.

Сондай-ақ қола медаль үшін өткен кездесуде де жеңіліп қалды. Бұл жолы швейцариялық Свенья Юнго басым түсті.

Өзгелердің жаңалығы