Әйелдер экономиканың тұрақты дамуына үлес қосып келеді – Айсина

2 Қазан 2020, 16:53
1550
Бөлісу:
Әйелдер экономиканың тұрақты дамуына үлес қосып келеді – Айсина

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әйелдер экономиканың тұрақты дамуына үлес қосып келеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Майра Айсина Батыс Қазақстан облысы ауыл әйелдерінің форумында айтты. 

Әйелдердің білімі де, біліктілігі мен тәжірибесі экономиканы тұрақты дамытуға көп үлес қоса алады. Оны әйелдердің өздері дәлелдеп келе жатыр. БҰҰ-ның тұрақты даму мақсаттарын қарастырғанда ауқымды, күрделі іс сияқты көрінеді. Алайда, ол күнделікті әйелдер атқарып отырған іс екен. Сондықтан күнде бірдеңені үнемдеп, жақсы жұмыс істесек, жаһандық мәселенің шешілуіне үлес қосамыз, - деді ол. 

Оның айтуынша, осындай маңызды мәселелер форумда талқыланады. 

Әйелдердің бірігуі арқылы мақсатқа жете аламыз. Ұйымшылдық міндетті орындауға септігін тигізеді. Бір-бірімізді оқытып, үйретсек, нұр үстіне нұр болады. Бүгінде барлық заң бізге басқару жүйесіне қатысуға мүмкіндік беріп отыр. Осы салада белсенді бола түсу керек. Форум алаңы нақты нәтижеге жетуге мүмкіндік береді. Көп әкімдік осы форум аясында іскер әйелдерді көрді. Батыс Қазақстанда да ондай әйелдер аз емес, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы