Әйелдер адал еңбектенеді. Айсина ауылдағы бизнес туралы айтты

3 Наурыз 2021, 15:19
2530
Бөлісу:
Әйелдер адал еңбектенеді. Айсина ауылдағы бизнес туралы айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Ауыл әйелдері форумын ұйымдастыру комитетінің төрайымы Майра Айсина жаңа жағдайдағы әйелдер кәсіпкерлігі: сын-қатерлер мен мүмкіндіктері туралы өткен брифингте айтты. 

Әйелдердің басым бөлігі адал, олар жұмыс істеп жатыр. Мемлекеттік бағдарлама аясында 2 жыл қатарынан 550 мың теңгенің гранты көпбалалы отбасыларға бөлініп келеді. Бүгінгі таңда бұл грантты 17 мың әйел алды. Біз де құзырлы министрлікпен қосылып, олардың қосылғаны үшін жұмыс істеп жатырмыз. Себебі 550 мың бір адамға көп ақша болмаса да, олар біріксе, ауқымды бизнес бастауға болады, - деді ол. 

Айсина айтқандай, ертең алғашқы конференция өтеді. Бұл шара 9 жыл қатарынан жүзеге асырылады. 

Өткен жылы біз онлайн оқытулардың басымдығын көрдік. Көп ауылдарға барып оқыту керек. Себебі көп әйел офлайн оқытуға бейімделген. Әйелдердің бір-бірімен араласып, идея алмасатын алаңы да керек. Осы мақсатта біз үш жыл қатарынан облыстық және республикалық деңгейде ауыл әйелдерінің форумын өткіздік, - деді Айсина. 

Оның айтуынша, осындай алаңдарда ақылды, білімді әйелдердің әлеуетін арттыруға болады.

Өзгелердің жаңалығы