Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте өзін өртеп жіберген әйел бір апта бойы жансақтау бөлімінде жатып, көз жұмды, деп хабарланды Оtyrar.kz сайтында.
Қайғылы оқиға 3 желтоқсан күні Тассай ауданында болған. 31 жастағы келіншек Юсуф Сайреми көшесіне шығып, үстіне жанғыш зат құйып, өзін өртеп жіберген.
Қатты күйік алған әйел жедел жәрдем көлігін өзі шақырған.
Жәбірленушінің басы, мойны күйіп, жалпы денесінің 85%-ын күйік шалған. Дәрігерлер әйелді аман алып қалу үшін қажетті ем-дом жасағанымен, әйелдің ағзасы қатты күйікке қарсы тұра алмады.
Шымкент полицейлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Алдын ала болжам бойынша, әйел сүйіктісімен сөзге келіспей қалғаннан кейін өзін-өзі өртеп жіберген болуы мүмкін.
Бұған дейін, Шымкентте 1988 жылы туған әйел өзін-өзі өртеп жібергені туралы хабарланған.