Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Әйел бұрынғы күйеуінің шотындағы ақшаны білу үшін сотқа өтініш берді

Бөлісу:
 pixabay.com
Фото: pixabay.com

Әйел бұрынғы күйеуінің шотындағы ақшаны білу үшін сотқа өтініш берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Енді Конституциялық сот ерлі-зайыптылардың банк құпиясына қол жеткізуін шектеудің Конституцияға сәйкестігін тексереді.

Конституциялық сот алдын ала зерделеу нәтижелері бойынша «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңның 50-бабы 4-тармағының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті конституциялық іс жүргізуге қабылдады.

Дауланып отырған нормаға сәйкес банк құпиясы клиентке ғана, шот (мүлік) иесінің жазбаша нысанда берген келісімінің негізінде не шот иесінің сәйкестендіру құралы арқылы кез келген үшінші тұлғаға ашылуы мүмкін. Өтініш беруші ажырасқаннан кейін ортақ мүлікті бөлу туралы талап-арызды дайындау кезінде неке кезеңінде бұрынғы жұбайының қаржылық жинақтары туралы ақпарат ала алмады. Оның пікірінше, қолданыстағы норма ерлі-зайыптылардың біреуін бірлескен жинақтар туралы ақпаратқа қол жеткізуден айырады және ерлі-зайыптылардың ортақ меншігіндегі үлеске құқықты іске асыруға кедергі келтіреді, - деп жазылған Конституциялық сот хабарламасында. 

Конституцияға сәйкестігін тексеру барысы мен қорытындылары туралы ақпарат Конституциялық соттың ресми сайтында және Telegram-арнасында жарияланады. 

Өзгелердің жаңалығы