Қазақстандық гимнастшы Айбота Ертайқызы Францияның Тье қаласында өтіп жатқан Гран-при кезеңінде үшінші медальді жеңіп алды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Бұл туралы Спорт және дене шынықтыру комитеті мәлім етті.
Лентамен жаттығу финалында ол күміс жүлдегер атанды (31.4 ұпай). Бұған дейін отандасымыз шығыршықпен жаттығуда "күміс" және доп финалында "қола" медаль иегері атанған болатын.