Айбота Ертайқызы Азия чемпионы атанды

 ҚР ҰОК 18 Мамыр 2025 2025, 13:37
18 Мамыр 2025 2025, 13:37
1114
Фото: ҚР ҰОК

Қазақстан құрамасының өкілі Айбота Ертайқызы көркем гимнастикадан Сингапурда өтіп жатқан Азия чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қазақстандық гимнаст таспамен жаттығудың финалында жеңіске жетті.

Ал Айым Мейіржанова ұршықпен жаттығуда үшінші орынға көтерілді.

Айта кетейік, Айбота Ертайқызы жекелей көпсайыста да үшінші нәтиже көрсеткен болатын.

Наверх