Айбек Нұғымаров коронавирус індетінен емделіп жатыр

14 Маусым 2020, 09:45
2174
Бөлісу:
Айбек Нұғымаров коронавирус індетінен емделіп жатыр
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ күресінен әлем чемпионы, "Әлем барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаровтың коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды.

Семейде екі колледж директордың коронавирус індетін жұқтырғаны белгілі болды. Электротехникалық колледждің директоры Азат Сәрпеков және Семей көлік колледжі директоры, Қазақ күресінен әлем чемпионы, "Әлем барысы" турнирінің екі дүркін жеңімпазы Айбек Нұғымаров.

Құрметті жерлестер, бүгінде мына жаман індет бізден де арылмады. Барлығы өтпелі. Бүгінде Семей қаласындағы инфекциялық ауруханада жатырмыз. Осыдан бір апта бұрын анықталды. Қазіргі уақытта кімнен жұққанын біле алмай отырмыз. Сақтану шараларын қолданбағынның кесірінен. Басында біз де сеніңкіремедік. Саясат, ақша деп ойладық. Енді ешқандай саясат емес екеніне көзім жетті, - дейді Айбек.
Өзгелердің жаңалығы